Атырауда бір отбасының төрт мүшесін өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина оқыды. Енді ол жазасын төтенше қауіпсіз мекемеде өтейді. Ал жәбірленуші тараптың пайдасына 40 млн теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді. Оны өтеуге 2 ай уақыт берілді. Үкіммен қатар іс бойынша бірнеше қаулы да жарияланды. Сотталушының кәмелетке толмаған балаларын орналастыру, оларды қамқоршылыққа алу мәселесін жауапты мекеме, яғни облыстық білім басқармасы шешеді. Ал жәбірленушілердің иесіз қалған үйін мұрагерлік алған адамға беру мәселесі Қызылқоға аудандық әкімдігіне жүктелді.
ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА, СУДЬЯ:
— Қылмыстардың жиынтығы бойынша Сұлтан Самиғоллаұлы Сәрсемәлиевке түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орыны Сұлтан Самиғоллаұлы Сәрсемәлиевке қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін. Сәрсемәлиевке қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Жаза өтеу мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептелсін.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.