Мектеп ауласындағы трансформатор неге ашық-шашық жатыр? Жаркентте 10 жастағы қызды ток соғып, қаза тапты. Бала ойнап жүріп, трансформаторлық қосалқы станцияға кіріп кеткен. Оқиғаны ұлынан естіген әке жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер Нұрсаяның өмірін сақтап қала алмады. «Бір күннен кейін қызымыз 10 жасқа толатын еді», — дейді қара жамылған отбасы. Аса қауіпті аймақ неге ашық қалған? Марқұмның туыстары осы сұраққа жауап іздейді. Қазір полиция қауіпсіздік талабына сәйкес келмейтін қызмет көрсету немесе жұмыс жүргізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
НҰРЖАН НҰРӘДІЛҰЛЫ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:
— Ол – ГРЭС-тің балансындағы объекті, мектеп қарамағында емес. Үстіңгі қабатына құлпы салынбаған екен. Салыңдар десе, ГРЭС: «Бізде құлпы жоқ», — деп сілтеп жібере салыпты. Мектеп: «Біздің баланста емес», — деп отыр. Біздің қызымыз соның құрбаны болды. Қорытындысын да дұрыс бермеді. Кейін бұрмалап әкете ме деп қорқамыз.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.