Қостанай облысындағы «Светофор» балалар лагері үш айға жабылды. Сот лагерь иесін санитариялық талапты бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Еске салайық, маусым айында ата-аналар лагерьдегі антисанитариялық жағдайға шағымданды. Әлеуметтік желіде лас дәретхана, тазаланбаған бөлме түсірілген видео тараған еді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жоспардан тыс тексеруі бұл заңбұзушылықтарды растады. Тіпті алынған сынаманың жартысынан ішек таяқшалары табылған. Медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлер де жұмыстан шеттетілді. Сот кәсіпкерге кемшілікті жою туралы нұсқама берген. Алайда қайта жүргізілген тексеру ескертудің басым бөлігі әлі де орындалмағанын көрсеткен.
ЛӘЗЗАТ БАЙҒОЖИНА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Сот қаулысымен жеке кәсіпкер әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 432 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар балалардың лагерьде демалысын ұйымдастыру қызметі үш ай мерзімге тоқтатылды. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.