Ақтөбеде танысын өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған ер адам 14 жылға сотталды

Ақтөбеде қоғамда дау тудырған қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты. 55 жастағы танысын өлтірді деп айыпталған 62 жастағы жергілікті тұрғын кінәлі танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл іс ерекше қоғамдық назарға ілікті. Себебі сотталған азамат марқұмның мәйітін үлкен ала сөмкеге салып, қаладағы мектептің маңындағы қоқыс алаңына тастап кеткен. Қылмыс 21 ақпанда болды. Тергеу нұсқасына сәйкес, сотталған азамат танысымен бірге өз үйінде ішімдік ішкен. Кейін жанжал шығып, ер адам қонағына бірнеше рет пышақ сұққан. Соның салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Үш күннен кейін сотталушы марқұмның денесін қаладағы мектептердің бірінің маңындағы қоқыс алаңына тастап кеткен. Оны 11 наурызда аула сыпырушы тауып алған.
Сот барысында айыпталушы өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеді.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал