Байланыс операторларына сапасыз интернет үшін 30 млн теңге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысындағы 405 елді мекеннің 372-сі немесе 92 пайызы интернет желісіне қосылған. Алайда олардың сапасы әлі де жетілдіруді қажет етеді. Жыл басталғалы байланыс операторларының қызметіне жоспардан тыс 14 тексеру жүргізілген. Тұтынушылар төлеген бағаға сай сапалы байланыс орната алмағандарына 30 миллион теңге айыппұл салынды. «Мәселенің туындауына тұрғындар тарапынан да кедергі бар», — дейді тексеріс жүргізгендер. Бір мәселе – еш жерде тіркелмеген байланысты күшейту құрылғылары. Келесісі – радиофобия. Бұл тұрақты сигнал таратуды тұншықтырса керек.

ЕРҒАЛИ ЕРЖАНОВ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Айыппұл салғаннан кейін барлық байланыс операторы сапасын жақсарту мәселесін қарастырып жатыр. Қажет жерлерде антенналар орнату немесе көпқабатты үйлердің төбесіне базалық станцияларды орнату, тұрғындармен келісу жұмыстары жүргізілді.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал