Таяу Шығыстағы ахуал әлі де күрделі. АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленіс күшейіп, тараптар бір-біріне соққы жасауды жалғастырып жатыр. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының мәліметінше, америкалық әскери күштер Иранның бірнеше әскери нысанына әуеден соққы берген. Вашингтон бұл әрекет Ормуз бұғазындағы халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді. Ал Иран жауап ретінде Бахрейн аумағына және Ормуз бұғазындағы екі мұнай танкеріне шабуыл жасады. Соған қарамастан АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен келісімге келу мүмкіндігі әлі де бар екенін айтты. Өңірдегі шиеленістің күшеюі әуе қатынасына да әсерін тигізді. Осыған байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне бағыт алған ұшағын кері қайтаруға мәжбүр болды. Алайда ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағытындағы рейстер қайта жанданады.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.