Кей өңірлерінде қанттың қымбаттауына маусымдық сұраныстың артуы себеп. Мұндай мәлімдемені Ауылшаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жасады. Оның айтуынша, дәл қазір тұрғындар қысқа арнап компот пен тосап дайындауға кіріскендіктен, қантқа деген сұраныс артқан. Бірақ шенеунік: «Алдағы уақытта бағаның өсуіне негіз жоқ», — дейді. Себебі биыл қант қызылшасынан мол өнім күтіліп отыр. Ал Тараз қант зауытында жаңа өндіріс іске қосылған. Енді жиналған өнімнің толық көлемін өңдеуге мүмкіндік бар. Министрліктің мәліметінше, өңірлердегі тұрақтандыру қорларында қант жеткілікті. Сондықтан баға құбылса, қордағы өнім нарыққа шығарылады. Осылайша, қымбатшылықтың алдын алуға мүмкіндік болады.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.