Риддердегі жылу электр орталығын қалпына келтіруге 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Риддер қаласындағы жылу электр орталығын қалпына келтіруге Үкімет резервінен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Мемлекеттік қолдаудың кезекті траншы екі қазандықты жөндеуге және қаланың жылу желілерінің 12 учаскесін жаңартуға бағытталады. Энергетиктер барлық жұмысты жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде станция жабдықтарының тозу деңгейі 40 пайызға дейін төмендейді. 2022 жылы Риддер жылу электр орталығының жабдықтары 75 пайызға дейін тозған болатын. Айта кетейік, апаттық жағдайлар саны айтарлықтай азайды. Биыл Риддер жылу электр орталығында небәрі 9 төтенше жағдай тіркелсе, 2022 жылы олардың саны 75 болған.

КИРИЛЛ ГОЛОТА, РИДДЕР ЖЭО ДИРЕКТОРЫ:
— 2026 жылғы жөндеу жұмыстары аясында екі қазандық агрегатында бірінші сатыдағы экономайзерлерді, бірінші сатыдағы ауа жылытқыштарын, конвективті бөліктен шығатын түзу газ құбырларын, газ ұстау құрылғыларын ауыстыру, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал