Шымкентте қоқыс тастағандар қоғамдық жұмысқа тартылады

Шымкентте қала тазалығына салғырт қарайтын тұрғындар саны әлі де азаймай отыр. Осыған байланысты жауапты мекемелер бақылауды күшейтіп, жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзған 22 мыңнан аса тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 25 адам қоғамдық жұмыстарға міндеттелген. Олар қоқысты белгіленбеген орындарға төгу, жасыл желектерді бүлдіру және ағаштарды заңсыз кесу сияқты құқықбұзушылықтарға жол берген. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жобасын талапқа сай ұйымдастырмаған жауапты тұлғалар да жауапкершіліктен тыс қалмаған. Қазіргі таңда қала тазалығы әкімдік, құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар және экология департаменті мамандары мен қоғам белсенділерінен құралған мобильді топтың тұрақты бақылауында. Олар санитарлық ахуалды қадағалап, заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

ДІНМҰХАМЕД ӘЛІ, ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
— Әрине, жұмыс болған соң кемшілік әрдайым болады. Ол бағытта прокуратура тарапынан талдаулар жүргізіліп жатыр. Талдау нәтижесімен жергілікті атқарушы органдарға немесе қандай да бір бұзушылық жасаған жауапты лауазымды тұлғалар әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тартылып жатыр.

ӘБІЛҚАЙЫР ОҢҒАР, ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Мәдениет бірден қалыптаспайды. Кейбір қоғамдық орындарда әлі де вандализм фактілері орын алып отырады. Қоқыстарды тастап кету фактілері орын алады. Қазіргі уақытта валонтерлар тарапынан, жастар тарапынан, қоғам белсенділері, экоактивистер тарарынан сенбілік жұмыстарына шығу артып келе жатыр.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал