Қай тағам шөліңді басып, ыстықтан сақтайды?

Аптап ыстықта ағзаға күтім жасау ерекше маңызды. Мамандар мұндай кезде тек су ішіп, көлеңке іздеумен шектелмей, дұрыс тамақтануға да мән беруге кеңес береді. Испаниялық танымал диетолог Луис Альберто Самораның айтуынша, ыстық күндері жеңіл қорытылатын әрі құрамында суы мол тағамдарды тұтынған жөн. Атап айтқанда, қияр, балдыркөк, қарбыз, қауын, кәді, цукини, шалғам және жалбыз ағзаны сергітіп, ыстықты жеңіл өткеруге көмектеседі. Сондай-ақ маман ас мәзіріне салқын көжелерді қосуды ұсынады. Ал майлы әрі ауыр тағамдардан, алкоголь мен кофеині көп сусындардан уақытша бас тартқан дұрыс. Өйткені мұндай өнімдер ағзаның ас қорытуға жұмсайтын күшін арттырып, ыстықты одан әрі ауыр сезінуге себеп болуы мүмкін. Сондықтан шіліңгір күндері сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішіп, жеңіл тағамдарды таңдау – денсаулықты сақтаудың тиімді жолдарының бірі.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал