Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АШЫҚ ҚАЛҒАН ЕСІК
Жаркентте 10 жастағы қыз бала тоққа түсіп қаза тапты. Жеткіншек мектеп ауласында ойнап жүріп, құлыпталмаған трансформаторлық қосалқы станцияға кірген. Аса қауіпті нысанға кім жауапты?
ҚАЙТА ТЕКСЕРІЛДІ
Үш айға жабылған лагерьге қайта тексеру жүргізілді. Қостанайда антисанитариялық жағдайы үшін сот шешімімен жабылған «Светофор» балалар демалыс орны әлі де жұмысын жалғастырып жатыр.
ҮКІМ КЕСТІ
Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қайын жұртын қырып салған қандықол қылмыскерге Атырау облыстық ауданаралық соты осылайша ең ауыр жаза тағайындады.
ЛАСТАДЫҢ БА, ТАЗАЛА!
Айналаңды ластама! Шымкентте қоқыс тастағандар енді айыппұлмен құтылмайды. Қоғамдық жұмысқа тартылады. Бұндай жазаның тазалық мәдениет сақтауға септігі тие ме?
АҢҚАҢ КЕППЕСІН ДЕСЕҢ…
Аптап ыстықта салқындатқыш іздеп жүргендерге маманнан кеңес. Испаниялық диетолог 40 градустық ыстықта ағзаға көмектесетін «салқындатқыш» өнімдерді атады. Қай тағам шөліңді басып, ыстықтан сақтайды?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.