Бөгенбай ауылдық округінде үрейлі түн болды. Үш бірдей ауылдың тұрғындарын ірі дала өрті шошытты. Қараңғыда лапылдаған жалын тіпті қорқынышты көрінді. Өртке найзағайдың түсуі себеп болған. От Степногорск қаласы мен Ерейментау ауданына да тарады. 200 құтқарушы, 30 техника және екі тікұшақ жұмылдырылды. Тіпті еріктілер де қосылған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шамамен мың гектар аумақты шарпыған. Айта кетейік, Ақмола облысында бір тәуліктің өзінде сегіз дала өрті тіркелді. Мамандардың айтуынша, олардың барлығы табиғи құбылыстардың салдарынан болған және өрт қауіптілігінің төртінші деңгейіне жатады.
ЕРСАИН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Өткен тәулікте найзағай жарқылынан табиғи өрт шықты. Соның салдарынан Ақкөл, Аршалы, Ерейментау ауданы мен Степногорск қаласының аумағында құрғақ шөп жанды. 8 жердегі жалын толықтай сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, өрттің жалпы аумағы шамамен мың гектарды құрайды.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.