Саябақта қоқыс тастағандар 20 АЕК айыппұл, яғни 81 мың теңге төлейді. Астанадағы 24 саябақты аралап шыққан тәртіп сақшылары «айналаңды ластасаң, төлейсің» деген қағиданы түсіндірді. Конституцияның жаңа бабында жазылған «экологиялық мәдениетті» елордалықтар қалай сақтап жүр?
Күн ысығалы саябақ аралап тынығушылар көбейді. Астанада 24 саябақ бар. Тынығушы да көп, саябақ та жетерлік, бірақ тазалық жағы ақсап тұр. Әсіресе келушілер бейберекет тастай салатын қалдықтан көз ашпайсыз. Енді не істемек керек?
ЕРКІН МҰРАТҰЛЫ, ПД ҚҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Барлығына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жасаған құқықбұзушылығы бойынша хаттама толтырудамыз. Жыл басынан бері осы ботаникалық саябақ аясында құқық бұзушылық жасаған 700-ден аса тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ескертуі мен айыппұлы бар. Айыппұлдың көлемі – 20 АЕК.
Мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындардың табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Бұл 15 күн бұрын күшіне енген Конституцияда арнайы жазылған. 3-бапта «жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру» деп белгіленіпті. Бұл дегеніңіз әр тұрғын саналы түрде жан-жағын жинастырып жүруі керек. Одан бөлек заңсыз сауданың да алдын алмақ.
БАҚЫТЖАН АЛДАУОВ, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бізде кейбір кәсіпкерлер заңсыз сауда-саттық жасайды. Олар, біріншіден, сертификатталмаған тауарлар, тәтті мақта, жүгері, т.б. Ол тұрғындардың денсауығына зиянын тигізсе, жауап бере алмайды. Сондықтан біз бірінші түсінідреміз, одан кейін Полиция басқармасымен бірге айыппұл саламыз.
Мамандардың айтуынша, демалыс орнындағы тазалық – тек коммуналдық қызметтің жұмысы емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігі. Құқық қорғаушылар рейдті әлсін-әлсін өткізіп, тәртіпті қадағаламақ.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.