Оралда қоғамдық тәртіпті самокат мінген полицейлер қадағалайды

Самокатқа мінген полицейлерді көрсеңіз таңғалмаңыз. Оралда патрульдік полиция қызметкерлері электросамокатқа отырды. Жай көлік емес, арнайы жабдықталған. Мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау және түрлі құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу. «Халық көп шоғырланатын орынға, жаяу баратын тар көшелерге жедел жетуге ыңғайлы», — дейді тәртіп сақшылары. Қазірдің өзінде самокат мінген полицейлер қоғамдық орындарда тыныштық бұзған бірнеше құқық бұзу дерегін анықтады. Бұл – пилоттық жоба. Егер бастама өзінің тиімділігін көрсетсе, болашақта самокат мінген полицей қатары артуы да мүмкін.
ДАМИР ШЕКЕЕВ, ППБ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл самокаттар полицейлерге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқиға орнына жедел жетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біздің патрульдік полиция батальонына бес самокат бөлінді. Сол бағытта патрульдік полиция қызметкерлерімен жұмыс атқарылып жатыр.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал