Шиелі ауданының тұрғындары жаңа ауруханада ем алып жатыр

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары 55 жылдан кейін заман талабына сай жаңа ауруханада ем алуда. Басы ауырып, балтыры сыздаған көпшілік енді қалаға ағылмайтын болды. Бұл мәселе қайтарылған актив қаржысы есебінен шешілді.
Шиелі аудандық ауруханасында бұған дейін инфекциялық бөлімше болмаған. Сондықтан төсек-орын тапшылығы сезілетін. Сұранысқа сай былтыр 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп, 30 орындық арнайы орталық бой көтерді. Жаңа нысан заман талабына сай жабдықталған. Сонымен қатар аудандық ауруханаға қосымша ғимарат салынып, инсульттық бөлімше ашылған. Ел игілігі үшін жасалған бастамаға халық дән риза.
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы да нығайтылған. «Бұрын мыңдаған шақырым артқа тастап облыс орталығына баратын халыққа алысқа шабылудың қажеті жоқ», — дейді дәрігерлер.
Қызылода облысында қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау саласының 6 жобасы қаржыландырылған. Соның негізінде Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі ауданының тұрғындары сапалы медициналық көмек алуда. Одан бөлек, ауыз толтырып айтар ауқымды бастамалар көп.

СЕРІК ӘДІЛКЕНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Қызылорда облысы бойынша қайтарылған активтер есебінен 29 жобаға 36,5 млдр қаржы бөлінді. Әрбір жоба бойынша қаражаттың мақсатты игерілуі, құрылыс сапасы, белгіленген мерзімдердің және шарттық міндеттемелердің сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Бүгінде аймақта қайтарылған активтер есебінен 14 жоба толық аяқталған. Алдағы уақытта елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету, теміржол өткелінің құрылысын салу секілді түйткілді мәселелер шешімін таппақ.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал