Кәсіпкер қатары көбейіп келеді. Елде жарты жылдың ішінде кәсіпкерлік субъекті саны жарты миллионға жуық көбейіп, 2 млн 900 мыңға жеткен. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері жеке кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 1 млн 900 мыңнан 2 млн 400 мыңға дейін артқан. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі соңғы төрт жылда 33 пайыздан 40 пайызға дейін өскен. Қазір тіркелген кәсіпкердің 60 пайыздан астамы сауда, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.