Степногорск маңындағы дала өртін екінші күн қатарынан сөндіріп жатыр | 15.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖЕЛГЕ ҰШТЫ
Ақтөбе облысында жойқын дауылдан келген шығынның алдын ала есебі шығарылды. Апаттан 300-ге жуық нысан бүлінген. Әкімдік барлық шығын мемлекеттік бюджет есебінен толық қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

ҚАУІП ТӨНДІ
Ақмола облысында құтқарушылардың дала өртімен арпалысып жатқанына екінші тәулік. Күшті жел салдарынан өрт өршіп, бірнеше елді мекенге қауіп төндірді. Еріктілер де сапқа қосылды.

ЕКІ ДӨҢГЕЛЕКТІ САҚШЫ
Оралда полицейлер қызметтік көліктен самокатқа ауысты. Енді тәртіп сақшылары заң бұзушыларды екі дөңгелекті көлікпен қуады. Бұл қадам сақшылардың жеделдігі мен мобильділігін арттырмақ.

ҮЙДЕН ШЫҒАРА АЛМАЙДЫ
Қазақстанда баспана жалдаудың жаңа ережесі күшіне енді. Енді жалға алушыларды үйден тек сот шешімімен ғана шығаруға болады. Ал пәтер иелерінің құқығы қалай қорғалады?

МИ ҚАЙНАТАР ЫСТЫҚ
Елдің түкпір-түкпірінде төзгісіз ыстық тұрғындарды әбігерге салды. Шымкентте термометр бағаны 50 градустан асып жығылған. Қалада жылжымалы субұрқақ қызметін атқаратын көліктер су шашып жүр.
———————————————