Абай облысында орман өртеніп жатыр

Абай облысында орман өртеніп жатыр. Өртке қарсы жүздеген маман мен ондаған техника жұмылдырылды. Қазір барлық күш тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол бермеуге бағытталған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Семей орманы» резерватында тұтанған өрттің аумағы – шамамен 60 гектар. Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология министрлігі, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған. Әуеден өрт ошақтарына 81 рет су төгіліп, жалпы 89 тонна су шашылды. Полиция қауіпті аумақты қоршауға алып, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың мүлкін күзетуді қамтамасыз етіп отыр.

ДИНАРА НҰРҒАЛИЕВА, ҚР ТЖМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Камышенка ауылына төнген қауіп сейілді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай Қазақстан ТЖМ жедел штабының бақылауына алынды.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал