Қарқаралыдағы дала өрті 100 гектарға жуық аумақты шарпыды

Қарағанды облысында ірі дала өрті екінші тәулік қатарынан сөндіріліп жатыр. Қарқаралы ауданында құрғақ шөп тұтанған. Аптап ыстық пен қатты желдің салдарынан жалын 100 гектарға жуық аумақты шарпыған. Өрттің негізгі ошағы Тегісшілдік ауылының маңында. Қазір тілсіз жаумен күреске 120-ға жуық адам мен 22 техника жұмылдырылған. Олардың қатарында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары және көршілес ауылдардан келген ерікті өрт сөндірушілер бар. Қалың түтін аудан орталығына дейін жетіп, тұрғындар күйік иісінің қатты сезіліп жатқанын айтып жатыр.
ЕЛДОС ЗИЯДА, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Мамандар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Ауа райы өте ыстық, өрттің өзі де қауіпті, ауа температурасы 30 градустан жоғары. Жел өрттің таралуын күшейтті. Қарқаралы ауданының жер бедері де оңай емес – айналасы қыратты, далалы аймақ. Осы факторлардың бәрі өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал