Семейде Халыққа қызмет көрсету орталығының 18 қызметкері ұсталды. Олар жүргізуші куәлігін емтихансыз сатып, «оңай олжаға» айналдырған. Келген схема әшкереленді. Ондаған азамат оқымай-ақ жүргізуші құқығына ие болған. Тергеу мәліметінше, заңсыз қызмет құны 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін жеткен. Ақша төлеген азаматтарға теориялық сынақтан өту үшін арнайы құрылғылар беріліп, ал практикалық емтихан мүлде тапсырылмаған. Қазір заңсыз жүргізуші куәлігін алған 30 адамнан жауап алынып, олардың құжаттарын жарамсыз деп тану мәселесі қарастырылып жатыр. Негізгі күдікті қамауға алынса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
АСХАТ ОРАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Заңсыз алынған жүргізуші куәліктерінің күшін жою мәселесі қылмыстық істі сотта қарау нәтижелері бойынша және сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.