Қосшыда мектеп пен мәдени-спорт нысандары көбейіп жатыр

Елімізде 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілген. Соның жарқын мысалдарының бірі – елорда іргесіндегі Қосшы қаласы. Мұнда балалар мен ересектерге арналған заманауи спорттық-мәдени кешен жұмыс істейді. Келушілер робототехника, қолөнер, қолданбалы өнер үйірмелеріне тегін қатысып, спорт залын және кинотеатрды пайдалана алады. Сондай-ақ өңірдегі ең заманауи кітапханалардың бірі де осы қалада орналасқан. Қосшыда әлеуметтік нысандардың құрылысы да қарқын алған. Соның бірі – 1500 орындық жаңа оқу ордасы. Ол мектеп тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Қала әкімінің айтуынша, Қосшы халқы жыл сайын көбейіп келеді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – басты басымдықтардың бірі.

АЗАМАТ ҚАПЫШЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Салынып жатқан 1500 орындық мектеп – оқу орындарының тапшылығын жоятын мектеп. Мектепте 2 спорт зал, зертханалар, шеберханалар, акт залы, сыртта үлкен көп функционалды футбол алаңы бар. Өте жақсы
Бұдан бөлек, қалада тәулігіне мыңға дейін адам қабылдайтын жаңа емхана пайдалануға берілді. Қазір оның жанында 350 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы жалғасуда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін, Қосшы тұрғындары мамандандырылған медициналық көмекті елордаға бармай-ақ ала алады. Жаңа аурухана тек Қосшы тұрғындарына емес, Астана маңындағы жеті ауданның халқына да қызмет көрсетеді. Ал науқастардың жақындары үшін арнайы пансионат салу жоспарланған.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал