СҚО-да жолдың нашарлығынан жүкті әйел ауруханаға жетпей көз жұмды | 16.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫН ҚҰРСАУЫНДА
«Семей орманы» табиғи резерватында ұшақ пен тікұшақ қаптады. Абай облысындағы қызыл жалын өшіріліп жатыр. Қауіпті аумақ қоршалды, жолдар жабылды.

ГАЗ БАЛЛОНЫ ЖАРЫЛДЫ
Елордадағы қоғамдық тамақтану орнының бірінде газ баллоны жарылды. Ғимарат қирап, төрт адам зардап шекті. Біреуінің денесі 80 пайызға күйіп қалған. Жансақтау бөлімінде жатыр.

ЕКІ ӨМІРДІ ЖАЛМАҒАН БАТПАҚ
Жолдың нашарлығынан жедел жәрдем жетпей, жүкті әйел көз жұмды. Солтүстік Қазақстан облысында ми батпақтың кесірінен көлік екі сағат бойы жете алмай, шарана да шетінеп кетті. Жол мәселесі қашан шешіледі?

ЕМТИХАНСЫЗ КУӘЛІК
Жүргізуші куәлігін саудалаған. Семейдегі халыққа қызмет көрсету орталығының 18 қызметкері оқымай-ақ куәлік алғысы келгендерге «дайын» құжаттарды сатып, пайдаға кенеліп отырған. Құжаттың құны 200 және 500 мың теңге аралығында болған.

БАЛА ТІЛІ БАЛ ЕМЕС
Баланың тілі неге бұзылды? Ауладағы ойын баласы бейәдеп сөз айтса, ата-анасына айыппұл салынады. Бұл –жай ғана әбестік емес, заңбұзушылық. «Не істеу керек?» айдарында нақты көрсетеміз.
———————————————