Абай облысында болған орман өртіне байланысты еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі күшейтіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде де қолға алынды. Мұнда жыл басынан бері 800 мың турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Демалушылар аптап ыстықта тауға ағыла бастағандықтан, табиғат қорғау қызметі мен парк қызметкерлері арныйы рейд ұйымдастырып, демалушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін түсіндірді. «Іле-Алатауы» ұлттық табиғи паркіне жұмыс күндері 300, ал демалыс күндері 500-ден аса автокөлік кіріп шығады. Соңғы кездері онда облыс тұрғындарынан бөлек еліміздің өзге өңірлерінен де туристер көптеп келе бастаған.
ЛИЗА ТӨЛЕЖАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
— Алматы тауымен, әсем табиғатымен әйгілі. Барынша тазалықты сақтап, от жақпауымыз керек. От жаққан күннің өзінде оны сөндіріп, топырақпен көміп кетуіміз керек.
САЛАХАДИН АЖЕН, ОМТҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Ұлттық парктердегі ең көп таралған заңбұзушылық – орман қорына кіретін аумақтарды ластау. Одан кейінгі орында рұқсат етілмеген жерде от жағу тұр. Біріншісіне 20, ал екінші заңбұзушылық бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.