Елден заңсыз шығарылған активтер кезең-кезеңімен мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекетке 1,1 триллион теңгенің активі қайтқан. Соның ішінде 1 триллион теңге ақшалай қаражат болса, 107,7 миллиард теңге мүлік түрінде қайтарылған. Олар – кәсіпорындағы үлес, қымбат жер телімі, элиталы жылжымайтын мүлік, люкс санатындағы автокөлік, зергерлік бұйымдар, бренд әшекейлер, сондай-ақ тарихи жәдігерлер. Қайтарылған қаражат енді нақты жобаларға бағытталып жатыр. Оның есебінен ел бойынша 345 нысан салынған. Атап айтсам, 176-сы – ауызсумен қамту, 158-і – денсаулық сақтау, алтауы – білім беру, екеуі – спорт және тағы екеуі – инфрақұрылымдық нысан. Бұдан бөлек, жалпы құны 5,2 триллион теңгеден асатын инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде міндеттемелер қабылданған.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.