Қазақстанда бірыңғай QR-код ресми түрде жұмыс істей бастады. Ұлттық банк жаңа төлем жүйесін іске қосты. Енді қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер үшін жүйеге қосылған кез келген сауда нүктесінде кез келген банктің қосымшасы арқылы төлем жасай алады.
ЖАНАР САМАЕВА, ҰЛТТЫҚ ТӨЛЕМ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Ең алдымен, өзіңіз қолданатын кез келген банктің мобильді қосымшасын жаңарту қажет. Қосымшада бұрын QR-код арқылы қалай төлем жасап жүрсеңіз, дәл сол стандартты тәсілмен «QR арқылы төлеу» функциясын таңдап, терминалға бағыттайсыз. Яғни клиент үшін ештеңе өзгермейді. Тек қосымша мүмкіндік пайда болады: енді кез келген терминалда кез келген банктің қосымшасы арқылы төлем жасауға болады.
Ұлттық банк жыл соңына дейін банктер арасында шот ұсыну жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, егер кәсіпкер бір банкте қызмет алса, ол басқа кез келген банктің клиентіне шот ұсына алады. Бұл жүйе тек Қазақстанда жұмыс істемейді. Жыл соңына дейін оған Қытай, Түркия, Үндістан және Біріккен Араб Әмірліктері қосылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, бірыңғай QR-кодты автотұрақ ақысын төлеуге және қоғамдық көлікте жолақы төлеуге де пайдалануға болады. Сервистің барлығын жыл соңына дейін іске қосылады.
———————————————
#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.