Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын бақылаушыларды аккредиттеді

Елімізде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын бақылаушыларды аккредиттеді. Бұл туралы комиссияның кезекті бесінші отырысында мәлім болды. Айта кетейік, бақылаушыларды төрт шет мемлекет Грузия, Иран Ислам Республикасы, Қырғыз Республикасы және Швеция Корольдігі, сондай-ақ үш халықаралық ұйым ұсынған. Нәтижесінде, 16 бақылаушы аккредиттеуден өтті. Осылайша бүгінде аккредиттелген бақылаушылардың жалпы саны 76-ға жетті. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы ұсынған кандидат тізімін тіркеді. Тізімге енген 63 кандидаттың барлығы тіркеуден өтіп, куәлік табысталды.

ДӘНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Біздің тізімізде әртістер, шоумендер жоқ. Бұрыннан келе жатқан партия өкілдері. Тағы да бір ерекшелігі, біз осы тізімге 21 маслихат депутатын қостық, себебі олар –халықпен тікелей жұмыс істеген азаматтар.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал