Түркістандық полицейлер балаларға қауіпсіздік ережелері жазылған балмұздақ үлестірді

Аптап ыстықта Шымкент полицейлері балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Балмұздақ пен салқын су таратты. Арнайы көлікпен балалар алаңына су шашты. Бүлдіршіндер асыр салып ойнап, ыстықтан сергіді.

Ал түркістандық полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік ережелері жазылған ерекше балмұздақ үлестірді. «Тәтті профилактика» атты шараның мақсаты – аптап ыстық күндері бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлай отырып, қауіпсіздік мәдениетін қызықты әрі есте қаларлық форматта насихаттау. Балаларға үлестірілген балмұздақтардың сыртына жол қозғалысы ережелері, судағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау және төтенше жағдайларда өзін дұрыс ұстау туралы маңызды ақпарат жазылған арнайы жапсырмалар бар. Бұл арқылы бүлдіршіндер сүйікті тәттісінен дәм татып қана қоймай, күнделікті өмірде қажет болатын қауіпсіздік қағидаларын да еске түсіреді, дейді тәртіп сақшылары.

———————————————

#Новости #Новости2026 #Новостиседьмойканал