Астанада заңсыз ет цехы әшкереленді: 3 тоннадан астам өнім тәркіленді | 17.07.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ӨРТТІҢ БЕТІ ҚАЙТТЫ
370 гектар орман күлге айналды. Абай облысындағы орман өртімен жанқиярлық шайқас жүріп жатыр. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Астананың төтенше жағдай мамандары мен әскерилер көз ілместен өртті оқшаулады.

ШЫБЫН ҮЙМЕЛЕГЕН ШЫНДЫҚ
Астананың қақ ортасында 3 тоннадан астам етті өңдеп келген жасырын цех анықталды. Шыбын қаптап, сасып кеткен өнім дәмхана мен дүкен сөрелеріне емін-еркін таратылып келген. Санитарлық бақылау осал ма?

БАРЛЫҚ БАНККЕ БІР ТӨЛЕМ
Екі түрлі QR дәуірі аяқталды. 19 шілдеден бастап еліміздің бүкіл аумағында банкаралық мобильді төлем жүйесі іске қосылады. «Бұл қызмет көрсетушіге де, тұтынушыға да қолайлы», — деді тұсаукесерін өткізген ұлттық банк өкілдері.

ҚАУІПТІ ДЕМАЛЫС
Аман қалсаң – демалыс, батып кетсең кінәлі өзің. Жеке демалыс орындарында қауіпсіздікке кепіл жоқ. Астанадағы бассейнде суға кетіп, комаға түскен 24 жастағы жігіттің оқиғасы осы мәселені әшкереледі.

«ҚОРҒАУШЫ» БАЛМҰЗДАҚ
Шымкенттегі тәтті сый. Тәртіп сақшылары кішкентай тұрғындарға ерекше тосынсый жасады. Әр балмұздақтың сыртына арнайы жапсырма желімдеп, қауіпсіздік ережесін жазып берген.
———————————————