Алакөлге демалуға барған 69 жастағы зейнеткер екі аяғынан айырылды. Әйелді артқа қарай қозғалған катер қағып кеткен. Оқиға Көктұма ауылында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шегуші шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген зейнеткердің екі аяғының төменгі бөлігіне дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды. Ал ертеңінде Ақши жағалауында қауіпсіздікке қатысты тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Екі гидроциклдің соқтығысуынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жарақат алды. Қазір екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.