Айналымы 7,5 млрд теңгеден асатын онлайн-казино әшкереленді

Айналымы 7,5 млрд теңгеден асатын онлайн-казино әшкереленді. Заңсыз ойын платформасы тәулік бойы жұмыс істеп, қатысушыларға онлайн-покер арқылы қаржы тігіп, ұтысты қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік берген. Тергеу мәліметі бойынша, оны ұйымдастырушылар Грузиядан басқарған. Ақша айналымын жасыру үшін дропперлердің банк шоттары қолданылған. Ал жаңа қатысушыларды тартуға әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен жарнама құралдары пайдаланылған. Осылайша, ойын платформасына 20 мыңнан астам адам тартылған. Күдіктілер Қазақстанға шетел азаматтарын ұйымдасқан түрде әкеліп, олардың атына 400 АҚШ долларына дейінгі сыйақыға банк карталары мен мобильді банкинг рәсімдеген. Қазір тергеу жалғасып жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Тергеу барысында онлайн-казино қызметін қамтамасыз ету үшін 60-тан астам дроп-шот пайдаланылғаны анықталды. Ойыншылардан түскен қаражат көлемі 7,5 млрд теңгеден асты. Сот санкциясымен Алматы қаласындағы пәтерге, үш автокөлікке, сондай-ақ дропперлердің банк шоттарындағы 158 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатына тыйым салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал