Ақтөбе облысында полицейлер жол қозғалысын әуеден бақылай бастады. Олар жолдағы жағдайды қадағалау үшін дрондарды белсенді қолдануда. Ведомствоның мәліметінше, бұған жаңа технологиялардың арқасында қол жеткізіліп отыр. Тәртіп сақшылары қарсы бағытқа шығу, басып озу ережесін бұзу, жылдамдықты асыру және жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да заң бұзушылықты жедел анықтайды. Дроннан алынған ақпарат жетісімен, жақын маңдағы экипаж шара қолдануға көшеді. Жыл басынан бері дрон көмегімен полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 300-ден астам дерегін анықтады.
АЙБЕК БОРАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПДБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Дрондардан алынған ақпарат нақты уақыт режимінде жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына жолданып, құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады. Ақтөбе облысы Полиция департаменті дрондарды пайдаланудағы басты мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін еске салады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.