Еліміздің шығысында күн шыжып тұр. Аптап 40 градусқа дейін жетті. Осы ретте полицейлер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына бақылауды күшейтті. Өңірде өрт қаупінің деңгейі әлі де жоғары. Тәртіп сақшылары демалушыларға саябақтар мен орман алқаптарына жақын жерде от жағуға қатаң тыйым салынғанын ескертуде. 16 мобильді топ жасақталған. Дрон арқылы анықталған 124 заңсыз қоқыс үйіндісінің басым бөлігі жойылды.
ГҮЛІМ ҚАСЕМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПДБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда профилактикалық рейдтер өткізуде. Тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауына, қоқыс қалдырмауға және тыйым салынған жерлерде от жақпауға шақырамыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.