Қазақстан Халық партиясы Құрылтай сайлауына 72 үміткерін ұсынды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясының Құрылтай сайлауына ұсынған кандидаттарын тіркеді. Тізімге 72 үміткер енді. Оның 30-ы – әйел, жастар және мүгедектігі бар азаматтар. Бұл – жалпы тізімнің шамамен 42 пайызы. Осылайша, заңда белгіленген квота толық сақталған.
Еске салайық, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының да үміткерлер тізімін тіркеген болатын. Ал Құрылтай сайлауына жеті саяси партия қатысады. Жаңа бір палаталы парламенттің құрамына 145 депутат кіреді. Олар 5 жыл мерзімге сайланады.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде ОСК Қазақстан халық партиясынан Құрылтай дептаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну туралы құжаттары тапсырылған болатын. Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасына сәйкес, кандидаттардың Конституцияда және сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау бойынша тиісті рәсімдерді өткізді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал