Әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Кездесудегі жалғыз голды Ферран Торрес қосымша уақытта соғып, өз құрамасына жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, қос құрама тарихта алғаш рет Әлем чемпионатының финалында кездесті. Сонымен Испания араға 16 жыл салып қайта чемпион атанды.
Жалпы, осы әлем чемпионатында FIFA 15 млрд доллар табыс тапты. Guardian басылымының дерегінше, Халықаралық футбол федерациясы 15 миллиард долларлық кірісті жариялауға дайындалып жатыр. Рекордтық көрсеткіш ұйымның бастапқы болжамынан 4 миллиардқа артық. Басылымның хабарлауынша, табыстың едәуір бөлігін билеттерді қайта сату қызметі әкелген. FIFA сатып алушы мен сатушылардан 15% комиссия алады. Ал кешегі финалға билеттер турнир тарихындағы ең қымбат бағаға сатылды. VIP-пакеттердің құны 34 мың доллардан асты. Бұл – шамамен 16 миллион теңге.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.