Аптап ыстықта Алматы хайуанаттар бағындағы жануарларға ерекше күтім жасалды

Еліміздегі аптап ыстық адамдарға ғана емес, жануарларға да оңай тимей тұр. Мәселен, Алматы хайуанаттар бағында да ыстыққа қарсы арнайы шаралар қолға алынған. Аптап ыстықта мамандар ақ аюлар мен маймылдарға ерекше күтім жасауда. Хайуанаттар бағында арнайы бассейн жасап, қолдан мұз бен қар дайындалды. Ал ыстықты жақсы көретін жануарлар мұндай ауа райына бейімделген. Қалғандары салқындатқыш пен отырғызылған ағаш көлеңкесін паналап жүр. Сондықтан мамандар тұрғындарға жануарларды таңғы уақытта немесе күн ыстығы қайтқан кешкі уақытта көруге кеңес береді.
ГАУҺАР ШЫҢҒЫСАЙТМАТҚЫЗЫ, ХАЙУАНТТАР БАҒЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
— Бізде тұяқты жануарлардың, жыртқыш аңдардың үстінен салқын су шашылып тұрады. Сондай-ақ тамақтану барысында мұздатылған жеміс-жидектер, көкөністермен қоректенеді, кейбір жануарларымызға, мысалы шимпанзеге, ақ аюға балмұздақ береміз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал