Алакөлге демалуға барған зейнеткер екі аяғынан айырылды | 20.07.2026

АЛАКӨЛДЕГІ АПАТ
Елде аптап ыстық әлі басылмай тұр. Шіліңгір шілдеде сая іздеген жұрт жағажайға ағылып жатыр. Айталық, осы күндері Алакөлде ине шаншар жер жоқ. Осының салдарынан екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қайтыс болды.

БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ
Соңғы сапар. «Атырау-Ақтөбе» пойызында билетсіз жолаушы қайтыс болды. Марқұм қиылып сұраған соң, жолсерік көңілін қимай мінгізген. Алайда тексеруден соң, екі жолсерік пен пойыз бастығы қызметінен қуылды.

ИЕСІЗ ЖҮК КӨЛІГІ
Петропавлда жүргізушілер 32 ауыр жүк көлігін жол бойына тастап кетті. Ондағы ойлары айыппұлдан – жалтару. Өйткені артық жүк тиеп алған. Көліктің салмағын өлшейтін кезде иелері іздерін жасыруға тырысқан.

САҚШЫ ҚҰЛТЕМІР
Бұдан былай Балқаш пен Теміртауда қоғамдық тәртіпті робот-иттер бақылайды. Металлургтер күні қарсаңында 115 мың адам жиналған орында олар көшеге шығып, алимент төлеуден жалтарып жүрген адамды ұстады. Тағы адасып қалған 87 баланы тауып берді.

ЧЕМПИОНАТТАН ТАБЫС
Испания араға 16 жыл салып қайта әлем чемпионы атанды. Финалда Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Жалпы осы додада FIFA 15 млрд доллар табыс тапқан. Ал кешегі финалға сатылған бір билет құны 34 мың АҚШ доларына жеткен.
———————————————