Павлодар облысының Жоламан ауылындағы сүт фермасында болған қайғылы оқиғадан кейін марқұмдардың отбасына көмек көрсетілетіні айтылды. Алты жұмысшы кәріз құдығында қаза тапқан болатын. Облыс басшысы жұмысшылардың жыл соңына дейінгі жалақысы беріліп, материалдық көмек жасалатынын айтты. Сонымен қатар марқұмдардың несиесі жабылып, балаларының оқу ақысы мен кәмелетке толғанға дейінгі шығыны төленеді. Қажет көмек мемлекеттік орган және кәсіпорын тарапынан көрсетіледі. Қайғылы істі тергеу ерекше бақылауға алынған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитеті мен полиция және прокуратура жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, қайтыс болғандардың ең жасы 17-де, ал ең үлкені 63-те. Олардың арасында бір отбасының үш адамы бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.