Ақтөбе облысында жаппай уланудың себебі анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасына барған 188 адам, оның ішінде балалар, тамақтан уланған. Тексеру кезінде мейрамхана қызметкерлерінен алтын түстес стафилококк, ал ас үй жабдықтарынан, тағам өнімдері мен ауызсудан ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталған. Топтық улану фактісі бойынша жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Айта кетейік, зардап шеккендер мейрамханада екі күн қатарынан өткен той мен асқа қатысқаннан кейін медициналық көмекке жүгінген.
ЕРЛАН БҮРКІТҰЛЫ, АСЭ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— «Тұмар» мейрамханасын тексеру барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың мынадай өрескел бұзушылықтары анықталды: тағам дайындау технологиясының бұзылуы, тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы, сондай-ақ мейрамхана қызметкерлерінің міндетті медициналық тексерулерден өтпеуі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.