Алматы облысында өрт шығу қаупі сейілмей тұр. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аймақтағы өрт әлі сөндіріліп жатыр. Байдібек би ауылынан 10 шақырым жердегі Бақтияр-Сай шатқалында мемлекеттік жер қоры аумағында құрғақ шөп жанған. Оқиға орнында құтқарушылар, орман шаруашылығы қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган мамандары жұмыс істеуде. Жалпы соңғы бір тәулікте Қазақстанда 55 орман өрті тіркелді. Оның 40-тан астамы «Семей орманы» аумағында болған. Ал Ертіс орманында – 9. Шығыс Қазақстан облысында 3 жерде өрт лап еткен. Экология министрлігінің мәліметінше, еліміздегі бірнеше өңірде бір мезетте тұтанған өрт найзағай салдарынан болған. Тілсіз жау барлық өңірде ауыздықталды. Қызыл жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.