Аптап ыстықтан кейін еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады. Алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде екпінді жел соғып, нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Осыған байланысты «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады. Ең қолайсыз ауа райы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында болжанып отыр. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
АҚНҰР АИТБАЕВА, ИНЖЕНЕР СИНОПТИК:
— Жауын-шашын мен ыстық біртіндеп бәсеңдейді: күндіз ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында +20 – +30°С, республиканың орталығы мен шығысында +22 – +35°С, тіпті оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде термометрлердің бағандары +27 – +35°С белгісіне дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында Ираннан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты +30 – +42°С жоғары температуралар сақталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.