Халықаралық маңызы бар «Алматы – Бішкек» автожолының Алматыдан Қаскелеңге дейінгі бөлігі 8 жолаққа дейін кеңейеді. Бұл жоба кептелісті азайтып, қозғалысты жеңілдетуі тиіс. Алматы – Қаскелең бағытымен тәулігіне 70 мыңға жуық көлік қатынайды. Ірі мегаполис маңындағы аумақтардың белсенді дамуына байланысты алдағы он жылда бұл күре жолға түсетін жүктеме 100 мың көлікке дейін жетуі мүмкін. Қарасай ауданынан қалаға күнделікті барып-келіп жұмыс істейтіндер көп. Төрт жолақты жол тарлық еткендіктен, ұзын-сонар кептеліс болады. Жол апаты да жиілеп кеткен. Ал бұл жоба осы олқылықтың орнын толтырады.
ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «QAZAVTOJOL» ҰҚ» ТӨРАҒАСЫ:
— Арнайы екі жолайрығы болады, 9 дана адам өту көпірлері, жаяу жүргінші жолы болады. Егер жер мәселесі уақытылы шешелсе, келер жылдың соңына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.