Елімізде машина жасау өнеркәсібі қарқын алып келеді. Биыл жыл басынан бері 94 400 жеңіл және жүк көлігі құрастырылды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға көп. Ал жыл соңына дейін өндіріс көлемін 190 мың автокөлікке жеткізу жоспарланып отыр. Соңғы 5 жылда бұл салаға 457 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қазір елімізде жеңіл және жүк көліктерін шығаратын 11 зауыт жұмыс істейді. Онда 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Айта кетейік, былтыр Қазақстанда ірі тораптық әдіспен 171 мың автокөлік шығарылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.