АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қайта күшейді. Егер Вашингтон Иранның энергетикалық нысандарына қысымды арттырса, Тегеран Парсы шығанағымен қатар Қызыл теңіздегі жағдайды да ушықтыруы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл үшін Иран Йемендегі хуситтермен байланысын күшейтіп, Баб-эль-Мандеб бұғазы маңындағы әскери белсенділікті арттыруы ықтимал. Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы әлемдік теңіз саудасының едәуір бөлігі өтеді. Сондықтан аймақтағы кез келген әскери қақтығыс жүк тасымалының қауіпсіздігіне, жеткізу мерзіміне және халықаралық нарықтағы бағаның тұрақтылығына әсер етуі мүмкін.
ЖАНАТ МОМЫНҚҰЛОВ, САЯСИ САРАПШЫ:
— Логистика жолдары, мұнай тасымалы, Таяу Шығыстан Еуропоға, басқа да нарықтарға жүретін мұнай өнімдері тұралап қалады. Бұл мұнай бағасының өсуіне алып келеді. Сарапшылар 110 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп отыр. Сонымен қоса бұл логистиканың бітеліп қалуына әкелуі мүмкін. Бұл халықаралық құқық тұрғысынан өрескел құқықбұзушылық болып саналады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.