Астанада заңсыз топырақ өндірушілерді анықтауға дрондар көмектесіп жатыр

Астанада заңсыз топырақ өндіру фактілерін анықтауға енді дрондар көмектесіп жатыр. Олар әуеден рұқсатсыз қазылып жатқан карьерлер мен арнайы техниканы тіркейді. Жыл басынан бері көшелерді ластағаны үшін 26 мыңнан астам адам, соның ішінде жүк көлігі жүргізушілері жауапқа тартылды. Тек Сарыарқа ауданында осындай сегіз заңбұзушылық анықталған. Мамандардың айтуынша, заңсыз топырақ өндіру салдарынан терең шұңқырлар пайда болып, жер бедері бұзылып, қоршаған ортаға зиян келеді. Осыған байланысты заң бұзғандарға айыппұл салынып, арнайы техникалар коммуналдық тұраққа қойылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал