Абай облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде өңірде жалпы құны 50 миллиард теңгеден асатын 26 нысан қаржыландырылған. Олардың қатарында әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жаңа нысандар бар.
ЕРКЕБҰЛАН ҚОЖАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
— Семей қаласында құны 2,6 миллиард теңге болатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жаңа корпусы салынды. Бұл психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арналған орын тапшылығын жойып, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға кезекте тұрғандар санын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.