Шығыс Қазақстан облысында құрылысы созылған дене шынықтыру-сауықтыру кешендері биыл халық игілігіне беріледі. Үлкен-Нарын және Бозанбай ауылдарындағы спорт нысандары мердігерлердің алаяқтығынан алты жылға созылған еді. Бір миллиардтан астам қаржы жымқырылып, құрылыс компаниясының басшысына іздеу жарияланды. Ал қазір әлеуметтік нысандардағы жұмысты басқа мердігер жалғастыруда. Құрылысшылар шаруаны қыркүйек айында аяқтаймыз деп отыр. Жұмыстың барысын қоғамдық белсенділер бақылауға алды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.