Қосшыда қыз-келіншектер ұршық иіріп, рекорд орнатты

Қосшы қаласында «Urshyk Party» атты ауқымды мәдени шара өтті. Оның ерекшелігі – тұрғындардың ұршық иіріп, Азия және Африка елдерінің рекордтар кітабына енуге өтінім беруі. Осылайша, алаңға бір мезетте 562 қыз-келіншек шықты. Мерекелік жиын қаланың 5 жылдығына орай өтті. Қатысушылар рекорд орнатып, қазақтың дәстүрлі қолөнерін халықаралық деңгейде танытуға тағы бір қадам жасады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал