НҰРАЙ ІСІ
Шымкентте қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбай өлімі бойынша сот отырысы басталуы керек еді. Алайда күдіктінің денсаулығына байланысты процесс кейінге шегерілді. Айыпталушы қатты сырқаттанып қалған көрінеді.
АЖАЛ ҚҰДЫҒЫ
Павлодар облысында кәріз құдығында тұншығып өлген алты жұмысшының артында қалған отбасына қажет көмек көрсетіледі. Марқұмдардың несиесі жабылып, балаларының оқу ақысы төленеді. Облыс әкімі осындай уәде берді.
АУРУ ОШАҒЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысы Қандағаш қаласындағы мейрамханада жаппай улану себебі анықталды. Қоғамдық тамақтану орны қызметкерлерінде стафилококк болған. Ауру солардан тараған болуы мүмкін деген ұйғарым шығарылды.
«АСТАНА» АТТЫ АВТОБУС ШЫҒАРЫЛАДЫ
Қазақстан биыл жыл соңына дейін 190 мың автомобиль жасайды. Көп ұзамай «Астана» брендімен автобус шығару жоспарда бар. Автокөлік өнеркәсібінің кеңеюіне байланысты, жаңа мамандықтар атласы әзірленді. Ендеше қандай маманға сұраныс басым?
РИЭЛТОР БОЛАШАҒЫ
Болашақта тұрғын үйді сату, сатып алу және жалға беру нарығында еңбек ететін риэлторлардың жұмысы заңдастырылады. Қазір бұл саладағы мамандарды сертификаттау ісі жүргізіліп жатыр. Сонда біліктіліктен өтпегендер не істейді?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.