Қапшағайда құтқарушылар 10 жастағы қызды ажалдан арашалап қалды

Қапшағайда суға шомылып жүрген 10 жастағы қыз бала батып кете жаздады. Оны толқын тартып, 20 метр жерге ағызып әкеткен. Дәл сол сәтте су қоймасында кезекшілікте жүрген құтқарушылар шапшаң қимылдап, баланы жағаға алып шықты. Осы ретте мамандар жағажайда демалушыларға аса мұқият болуды ескертеді. Әсіресе балаларды бір сәтке де көзден таса қалдырмауды сұрайды. «Өйткені тынығушы көп, құтқарушы санаулы. Барлық адамды кірпік қақпай бақылап отыру мүмкін емес», — дейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал