Ақмола облысында екі бірдей жол апаты адам өмірін қиды

«Екатеринбург – Алматы» тасжолының Қазақ ауылы маңында әйел адамды көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ «Щучинск – Степняк» автожолында болған тағы бір жол апаты 9 жастағы қыздың өмірін қиды. Оның інісі мен екі әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екі оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалпы, соңғы кездері жол апаты азайғанымен, кісі өлімі кемімей отыр. Сондықтан полиция өкілдері жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
АЛЬМИРА РАХМАТУЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ ИНСПЕКТОРЫ:
— Тағы үш адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Зардап шеккендердің екеуі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Аталған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, заңнамада көзделген барлық қажет шара қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал